2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 шешімі
(2024.29.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 18 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024.27.03. № 129/15 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.24.05. № 152/17 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.09.08. № 164/19 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.26.09. № 175/20 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024.29.11. № 196/22 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 241 289 507 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 215 868 938 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 557 440 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 12 719 149 мың теңге;
трансферттер түсімі - 12 143 980 мың теңге;
2) шығындар - 250 802 386 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 3 250 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - нөлге тең;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 250 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 488 844 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 488 844 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 9 998 473 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 9 998 473 мың теңге.